Монографияда құқық пен құқық жүйесінің түсінігі, құқық салаларын ажырату критерийлері ретінде құқықтық реттеу пәні мен әдісі туралы түсінік беріледі.
Сонымен қатар, құқықтың құрылымы (негізгі және қосалқы), негізгі және кешенді құқық салалары, құқық жүйесіндегі құқықтық институт ұғымдары ашылады.
Бұл еңбек ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, магистранттар мен заң оқу орындарының студенттеріне, судьяларға, адвокаттарға, заңгер-кеңесшілерге және басқа да практикалық қызметкерлерге, сондай-ақ құқық мәселелеріне қызығушылық танытатын барлық адамдарға арналған.