Жинақта Қазақстан, Германия, Нидерланд, Ресей, Грузия, Украина және Өзбекстаннан келген танымал цивилистердің жеке құқықтың өзекті мәселелеріне арналған мақалалары топтастырылған. Автор-достарды, шәкірттер мен әріптестерді Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Майдан Құнтуарұлы Сүлейменовке – саналы өмірін азаматтық құқықтың басымдығы идеясын жүзеге асыруға арнаған және Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан көрнекті цивилиске деген сүйіспеншілік, терең құрмет және шынайы ықылас сезімі біріктіреді. Басылым ғылыми қызметкерлерге, аспиранттарға, заң факультеттері мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге, сондай-ақ сот, прокуратура, адвокатура қызметкерлеріне, практикалық заңгерлерге, азаматтық заңнаманы зерттейтін және қолданатын өзге де тұлғаларға арналған.