Жинақ заманауи құқықтық ғылымның іргелі мәселелерінің бірі – азаматтық құқықтағы адалдықты зерттеуге арналған.
Кітап Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институты, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамы (GIZ), «Зангер» заң фирмасы және Қазақстан Халықаралық Арбитражы жыл сайынғы цивилистикалық оқулар аясында өткізген аттас халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары негізінде дайындалған.
Басылым ғылыми қызметкерлерге, аспиранттарға, заң факультеттері мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге, сондай-ақ сот, прокуратура, адвокатура қызметкерлеріне, практикалық заңгерлерге, азаматтық заңнаманы зерттейтін және қолданатын өзге де тұлғаларға арналған.