Көрнекті қазақстандық ғалым-цивилист Юрий Григорьевич Басиннің 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы
Жинақ заманауи құқықтық ғылымның іргелі мәселелерінің бірі - азаматтық құқық пен корпоративтік қатынастардың арақатынасын зерттеуге арналған.
Кітап Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институты, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамы (GIZ), «Зангер» заң фирмасы, Қазақстан Халықаралық Арбитражы және «Эквитас» заң фирмасының қолдауымен жыл сайынғы цивилистикалық оқулар аясында өткізген аттас халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары негізінде дайындалған.
Басылым ғылыми қызметкерлерге, аспиранттарға, заң және экономикалық факультеттері мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге, сондай-ақ сот, прокуратура, адвокатура қызметкерлеріне, практикалық заңгерлерге, азаматтық заңнаманы зерттейтін және қолданатын өзге де тұлғаларға арналған.