Азаматтық құқық. I Том. Жалпы бөлім

І томда азаматтық құқықтың жалпы ережелері баяндалады: азаматтық құқық және азаматтық заңнама түсінігі, азаматтық құқықтық қатынас, оның субъектілері мен объектілері, құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері (мәмілелер және басқа да заңдық фактілер).

Оқулық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Қолданыстағы заңнаманы талдаудан басқа, оқулықта сот тәжірибесінің материалдары пайдаланылады және азаматтық құқықтың негізгі мәселелері бойынша теориялық көзқарастар келтіріледі.
Оқулықты Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері дайындаған, олардың көпшілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін әзірлеушілер болып табылады.

Заң жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына және оқытушыларына, сондай-ақ сот, прокуратура, адвокатура, нотариат тәжірибелік қызметкерлеріне, тәжірибелік заңгерлерге және азаматтық заңнаманы зерттейтін және қолданатын өзге де тұлғаларға арналған.

Бұл басылым GIZ-дің «Орталық Азиядағы құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» бағдарламасының қаржылық қолдауымен жарияланды. «Deutsche Gesellschaft für Technische Internationale Zusammenarbeit (GTZ) GmbH» (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы) бұл бағдарламаны Германияның Экономикалық ынтымақтастық және даму федералдық министрлігінің (BMZ) тапсырысы бойынша жүзеге асырады.

Шығарылым: 2013 жыл

Беттер саны: 776

Автор: Авторлар ұжымы

Формат: Қатты мұқаба

Другие наши книги