Жинақ цивилистикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі – азаматтық-құқықтық жауапкершілікті зерттеуге арналған.
Кітап ҚазГЗУ Жеке құқық ғылыми-зерттеу институты Техникалық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамымен (GIZ) бірлесіп жыл сайынғы цивилистикалық оқулар аясында өткізген аттас халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары негізінде дайындалған.
Жинаққа Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия және Қазақстаннан осы саладағы жетекші ғалымдардың, практикалық заңгерлердің, құқық қорғау және сот органдары өкілдерінің, сондай-ақ аспиранттар мен ізденушілердің конференциядағы ғылыми баяндамалары мен сөз сөйлеулері енгізілген.
Басылым ғылыми қызметкерлерге, аспиранттарға, заң факультеттері мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге, сондай-ақ сот, прокуратура, адвокатура қызметкерлеріне, практикалық заңгерлерге, азаматтық заңнаманы зерттейтін және қолданатын өзге де тұлғаларға арналған.