Жинақ азаматтық құқықтың негізгі және сонымен бірге жеткілікті зерттелмеген мәселелерінің бірі – азаматтық құқықтар объектілерін зерттеуге арналған. Жинаққа Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия және Қазақстаннан осы саладағы жетекші ғалымдардың, практикалық заңгерлердің, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және сот органдары өкілдерінің, сондай-ақ аспиранттар мен ізденушілердің аттас халықаралық ғылыми-практикалық конференциядағы баяндамалары мен сөз сөйлеулері енгізілген.
Жер, кәсіпорындар, бағалы қағаздар, энергия, зияткерлік меншік, ақпарат және т.б. сияқты азаматтық құқықтар объектілерін қарастыруға ерекше назар аударылған, бұлар құқық шығармашылық және құқық қолдану қызметінде ең үлкен қиындықтар тудырады.
Ғылыми қызметкерлерге, заң жоғары оқу орындарының аспиранттары мен оқытушыларына, студенттерге, сондай-ақ сот, прокуратура, адвокатура қызметкерлеріне, практикалық заңгерлерге, азаматтық заңнаманы зерттейтін және қолданатын өзге де тұлғаларға арналған.