Субъективтік азаматтық құқық және оны қамтамасыз ету құралдары

Жинақ азаматтық құқықтың негізгі және сонымен бірге аз зерттелген мәселелерінің бірі – субъективтік азаматтық құқықты қамтамасыз ету құралдарын зерттеуге арналған.

Кітап қазақстандық цивилистиканың негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Юрий Григорьевич Басиннің жарқын жадына арналған аттас халықаралық конференция материалдары негізінде дайындалған.

Жинаққа Ресей, Грузия, Украина, Қырғызстан, Франция, Германия және Қазақстаннан осы саладағы жетекші ғалымдардың, практикалық заңгерлердің, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және сот органдары өкілдерінің, сондай-ақ аспиранттар мен ізденушілердің конференциядағы ғылыми баяндамалары мен сөз сөйлеулері енгізілген.

Басылым ғылыми қызметкерлерге, заң жоғары оқу орындарының аспиранттары мен оқытушыларына, студенттерге, сондай-ақ сот, прокуратура, адвокатура қызметкерлеріне, практикалық заңгерлерге, азаматтық заңнаманы зерттейтін және қолданатын өзге де тұлғаларға арналған.

Шығарылым: 2005 жыл

Беттер саны: 506

Автор: Авторлар ұжымы

Формат: Қатты мұқаба

Другие наши книги
Made on
Tilda