Азаматтық құқық. 2-том. Заттық құқық. Міндеттемелік құқық

Оқулықтың 2-томында заттық және міндеттемелік құқықтар туралы жалпы ережелер баяндалады. Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жазылған.

Қолданыстағы заңнаманы талдаумен қатар, оқулықта сот практикасының материалдары қолданылады және азаматтық құқықтың негізгі мәселелері бойынша теориялық көзқарастар келтіріледі.

Оқулық Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерімен дайындалған, олардың көпшілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің әзірлеушілері болып табылады.

Заң жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына және оқытушыларына, сондай-ақ сот, прокуратура, адвокатура, нотариат қызметкерлеріне, практикалық заңгерлерге және азаматтық заңнаманы зерттейтін және қолданатын өзге де тұлғаларға арналған.

Бұл басылым «Орталық Азиядағы құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» GIZ Бағдарламасының қаржылық қолдауымен жарияланды. «Deutsche Gesellschaft für Technische Internationale Zusammenarbeit (GTZ) GmbH» (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамы) бұл бағдарламаны Германияның Экономикалық ынтымақтастық және даму федералдық министрлігінің (BMZ) тапсырысы бойынша жүзеге асырады.

Шығарылым: 2013 жыл

Беттер саны: 488

Автор: Авторлар ұжымы

Формат: Қатты мұқаба

Другие наши книги